$ 469.93 € 541.64 ₽ 5.71

Баспана кезегін жылжытқаны үшін Отбасы банк қызметкерлері жұмыстан қуылды

Абдрахманов Мағжан
10 тамыз 2026, 14:46
Баспана кезегін жылжытқаны үшін Отбасы банк қызметкерлері жұмыстан қуылды Сурет авторы: "Отбасы банктің" баспасөз қызметі

Отбасы банктің екі қызметкері жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтар үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы қаржы ұйымының 2025 жылғы есебінде айтылған.

Банк мәліметінше, қызметкерлер клиенттердің, жылжымайтын мүлік делдалдарының, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың мүддесін ілгерілеткені, сондай-ақ баспана кезегін жылжыту үшін заңсыз сыйақы алғаны анықталған.

Сонымен қатар банк филиалдарының бірінде қызметкер клиенттердің несие төлеу қабілетін растау үшін табыс туралы жалған құжаттар әзірлеп, оларды несие өтінімдеріне тіркеген.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты екі қызметкер сенімнен айырылуына байланысты жұмыстан шығарылған. Банк оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы құқық қорғау органдарына арыз жолдаған.

Қазір аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар