$ 536.58 € 622.75 ₽ 6.71

Башар Асадты бауырына басып, пана болған кім?

Редакция
09 желтоқсан 2024 01:44 3568
Башар Асадты бауырына басып, пана болған кім? Сурет авторы: Sputnik Photo Agency / Reuters

Сирия президенті ретінде өкілеттігін тоқтатқан Башар Асад және оның отбасы отанын тастап Ресейге жеткен. Бұл туралы Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілі Михаил Ульянов мәлімдеді.

 

Кремльдегі ТАСС дереккөзі Асад пен оның отбасы мүшелері Гуманитарлық себептермен Ресейде баспана алғанын хабарлады.

 

Қазіргі кезде Сирияның дипломатиялық туы мен тақтайшасы Мәскеудегі елшіліктен алынып тасталғаны туарлы ақпарат тарады. Өйткені билікті басып алған топ басқа туды қолданады. 

 

Сирияны 24 жыл басқарған Башар Асад Дамаскіден кетті деген ақпарат жексенбі күні тараған болатын. Алайда қазір оның Мәскеуге қалай жеткені туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар