Бас редакторлар клубының вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин "Құрмет" орденімен марапатталды
Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин «Құрмет» орденінің иегері атанды.
Мұратбек Балқыбекұлы Тоқтағазин 1964 жылы 1 шілдеде Семей облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Октябрь орта мектебін бітіріп, сол жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. Оны 1986 жылы тәмамдап, арнайы жолдамамен сол кездегі Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» (қазіргі «Арқа ажары») газетіне қызметке жіберілді. 1990 - 1999 жылдарда республикалық «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің Целиноград (Ақмола) облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істейді.
2000 жылдан бастап республикалық басылымдарда мақалалары, көсемсөздік туындылары жиі шығып, ғылым жолындағы жұмысын жүйелі түрде жүргізе бастады. 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың туындылары негізінде «Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы деректік негіз және көркемдік сипат» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылдан бастап осы университеттің Баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті, соңғы 5 жылда профессоры ретінде журналистиканың, көсемсөздің өзекті мәселелерін кешенді зерттеп, 2 монография, 2 оқу құралын баспадан шығарып, 10 ғылыми жинақтың құрастырушысы жауапты редакторы болды. 80-нен астам ғылыми-зерттеу мақалаларын Қазақстанның Беларусь, Ресейдің және басқа шет елдердің ғылыми журналдарында халықаралық басылымдарында жариялады. 2018 жылдан бастап әдебиеттану саласы бойынша қауымдастырылған профессор. Әлемдегі ірі библиографиялық және реферативтік Web of Science Scopus деректер базаларында 5 ғылыми мақаласы жарияланған.
Мұратбек Балқыбекұлы педагогтік қызметінен бөлек, өзінің журналистік мол тәжірибесін күнделікті баспасөзбен тығыз байланыста одан әрі шыңдап отырған. 2011 жылдан бастап "Әділет БАҚ МЕДИА" республикалық газетінің Астанадағы тілшілер қосынының меңгерушісі, осы басылымның бас редакторының орынбасары болса, 2012 жылдан «Әділет» ұлттық апталығының редакторлар Кеңесінің төрағасы, 2019 жылдан бастап «Әділет.Рухани жаңғыру» республикалық қоғамдық-саяси тарихи-танымдық газетінің Бас редакторы. Қоғамдық жұмысқа белсене қатысады. 2012 жылдан бері Бас редакторлар клубының вице-президенті.
М.Тоқтағазиннің шығармашылығы әр кезеңде тиісті бағасын алып отырды. 2000 жылы «Қазақстан Республикасы астанасының үздік журналисі» конкурсының, 2012 жылы республикалық «Асыл сөз құдіреті» конкурсының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағы Дипломының иегері (2014). Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты (2015). «PRIMUS INTER PARES (ПЕРВЫЙ СРЕДИ РАВНЫХ) орденімен, «Европейское качество» (Gold medal "European Quality") алтын медалімен, Халықаралық М.Шолохов атындағы Л.Гумилев және Ә.Нұршайықов атындағы медальдармен марапатталған. Ресей Жаратылыстану академиясының Құрметті ғылым докторы (DOCTOR OF SCIENCE HONORIS CAUSA) болып сайланған.
Мұратбек Тоқтағазиннің отандық басылымдарда журналистиканың әртүрлі жанрларында жазылған 300-ден астам материалдары жарияланған. «Деректілік пен көркемдік», «Ақмола үшін айқас», «Кітап басу ісіндегі коммуникативті саясат және жарнама», «Эпистолярные жанры в публицистике Беларуси России и Казахстана», «Замансөз заңғары» атты кітаптары жарық көрген. Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», «Ақпарат саласының үздігі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Аягөз ауданының құрметті азаматы» және басқа төсбелгілермен марапатталған.
М.Тоқтағазин Халықаралық Ақпараттандыру академиясының Еуразиялық Телевизия және радио академиясының, Қазақстанның Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академигі), Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі. Масс-медиа зерттеушілерінің Ұлттық қауымдастығының (НАММИ), Бас редакторлар клубының мүшесі.
Соңғы жаңалықтар
-
Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасы екі бап бойынша тергеліп жатыр
1 сағат бұрын
-
Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
2 сағат бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: қазірге дейін не белгілі?
9 сағат бұрын
-
Атбасар қаласында заманауи стандарттарға сай жаңа вокзал ашылды
15 сағат бұрын
-
Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды
15 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляция қаралды: сот шешімі қандай?
16 сағат бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты
16 сағат бұрын
-
Тоғыз әскери қызметшінің қазасы: Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстауға барады
17 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар дәрігерге жазыла алмай жүр: министр мәселені шұғыл шешуді тапсырды
17 сағат бұрын
-
Сот Трамптың Ақ үйге журналистерді кіргізуге қойған тыйымының күшін жойды
17 сағат бұрын
-
Каспийде әскери оқу-жаттығу қайғылы аяқталды: тоғыз адам қаза тапты
18 сағат бұрын
-
Студенттер сарайы опырылды ма: ҚазҰУ түсініктеме берді
18 сағат бұрын
-
Amanat пен «Әділет» біріккен соң: Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланбақ
19 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстан әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 40 мемлекеттің қатарына кірді
20 сағат бұрын
-
«Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды» – Тоқаев
20 сағат бұрын
-
Темекіні ең көп тұтынатын өңір белгілі болды
21 сағат бұрын
-
Ресейде Юрий Дудь «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізілді
21 сағат бұрын
-
Шекарадан өткен жүргізушілерден ақша бопсалап келген: Жамбыл облысында қылмыстық топ әшкереленді
22 сағат бұрын
-
Си Цзиньпин АҚШ-қа барды: Трамп оны әуежайдан өзі қарсы алды
22 сағат бұрын
-
IT саласының маманы Қорғаныс министрінің орынбасары болды
22 сағат бұрын
-
Астананың жаңа әуежайын салатын серіктес белгілі болды
22 сағат бұрын
-
Римдегі Колизей қайғылы оқиғаға байланысты бір күнге жабылды
22 сағат бұрын
-
Жасанды интеллект бақылаудан шықты ма: Танымал ЖИ-агент мемлекеттік құпия файлдарды бұзып кірді
22 сағат бұрын
-
Қытай экипажын басып озды: қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында жеңіске жетті
23 сағат бұрын
-
ШҚО-ның Марқакөл ауданында 24 пәтер салынады
1 күн бұрын
-
Алматыда ЖРВИ өршіп тұр, бірақ жаңа вирус анықталған жоқ
1 күн бұрын
-
Депутат туроператорларды қазақстандықтардың отанына оралуына кепілдік беруді міндеттеуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Шетелге асқан заңсыз активтерді қайтару жеңілдемек
1 күн бұрын
-
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды
1 күн бұрын
-
Әлемді мойындатқан Елена Рыбакина елге оралды
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары мен вице-министрлер мемлекеттік басқаруға қатысты ЖИ құралдарымен танысады
1 күн бұрын
-
«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда шариғат талаптарына сай сақтандыру жүйесі енгізіледі
1 күн бұрын
-
Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды
1 күн бұрын
-
Шекерадан заңсыз жолмен 200-ден астам iPhone 18 алып өтпек болғандар ұсталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Конституциялық Соттың он судьясын тағайындады
1 күн бұрын
-
Екпе қайда: Қазақстандықтар неліктен тұмауға қарсы вакцина ала алмай жүр
1 күн бұрын
-
Қазақстанда 56 мұнай-газ учаскесі аукционға шығарылды
1 күн бұрын
-
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды
1 күн бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және тұман: 23 қыркүйекте күн райы қандай болады
2 күн бұрын
-
Brent бағасы 100 доллардан төмен түсті: мұнай неге арзандады
2 күн бұрын
-
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс
2 күн бұрын
-
Апелляциялық сот Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
2 күн бұрын
-
Кітап оқу адамға не береді: журналист Ержан Жаубай жеті пайдасын атады
2 күн бұрын
-
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды
2 күн бұрын