Бас редакторлар клубы мен ҚР Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісті
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған.
Меморандумға Бас редакторлар клубының президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай және Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Бурамбаев қол қойды.
Талқылауға Бас редакторлар клубының мүшелері - жетекші республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ақпарат және коммуникациялар, тәрбие және идеологиялық жұмыс, ұйымдастыру-мобилизациялық бағыт, әскери білім және ғылым салаларына жауапты құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Ел өңірлеріндегі бас редакторлар кездесуге онлайн форматта қосылды.
Кездесу барысында Бибігүл Жексенбай меморандумға қол қою мемлекеттік орган мен медиа қауымдастық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған саналы қадам екенін атап өтті:
«Президент бірнеше рет атап өткендей, биліктің ашықтығы мен қоғаммен адал диалог - орнықты мемлекеттің негізі. Осы тұрғыда кәсіби медиа қауымдастықтың рөлі айрықша. Ақпараттық кеңістікте жауапкершілік, дәлдік пен мазмұн стандарттарын айқындайтын - бас редакторлар».
Бас редакторлар клубының президентінің айтуынша, өзара іс-қимылдың жаңа форматы жекелеген байланыстардан жүйелі жұмысқа, ал кейінгі реакциядан - алдын ала ойластырылған, мазмұнды диалогқа көшуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде вице-адмирал Серік Бурамбаев қоғамда Қарулы күштерге қатысты қалыптасқан кейбір стереотиптердің әлі де сақталып отырғанына назар аударып, армия, әскери қызметшілер және олардың елге қызметі туралы сапалы әрі сұранысқа ие контент қалыптастырудың зор әлеуеті бар екенін атап өтті:
«Бүгінде ар-намыс, борыш, отансүйгіштік секілді негізгі құндылықтарды қоғамдық дискурсқа қайта енгізу аса маңызды. Бұл мемлекет пен медиа қауымдастықтың бірлескен күш-жігерін, Қарулы күштердің қызметін фактілерді бұрмаламай, безендірмей, адал әрі кәсіби түрде жариялауды талап етеді» — деді вице-адмирал.
Қол қойылған меморандум Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламаларын іске асыруды, семинарлар, шеберлік сабақтары, тағылымдамалар мен баспасөз турларын өткізуді көздейді. Сондай-ақ әскери тақырыпты БАҚ-та жариялауды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, Бас редакторлар клубының сараптамалық кеңесін қалыптастыру және оның салалық медиа жобаларға, оның ішінде «Әскер медиа» конкурсына қатысуы жоспарланған.
Кездесу барысында медиа қауымдастық өкілдері ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Өз бастамаларын MNU университетінің Халықаралық журналистика мектебінің атынан медиаменеджер Бақыт Шойынбек ұсынды.
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов: «Біздің басылымдар Қазақстан Республикасының Қарулы күштерімен ұзақ жылдар бойы тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Меморандум жүйелі жұмысты жолға қоюға және заманауи ақпараттық форматтарды енгізуге негіз қалайды» - деп атап өтті.
«Литер» газетінің бас редакторы Жанна Ойшыбаева:
«Біз үшін армия туралы кәсіби әрі аудиторияға түсінікті тілде айту маңызды. Меморандумға қол қою ашық диалогқа жаңа мүмкіндіктер ашады»- деді.
Кездесу қатысушылары «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» және «Литер» басылымдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштерімен көп жылдан бері ынтымақтастық орнатып келе жатқанын атап өтіп, ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары да меморандум аясында белсенді әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін растады.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын