Бас редакторлар клубы мен ҚХА журналистер клубы этносаралық келісім тақырыбында Меморандумға қол қойды
Сурет авторы: Facebook/ Bibigul Zhexenbay
Алматыда Бас редакторлар клубы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубы арасында бұқаралық ақпарат құралдарында этносаралық қатынастарды жариялау мәдениетін дамыту жөнінде Меморандумға қол қойылды.
Бұл туралы Сенат депутаты, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Мақсат – этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәдениетін қалыптастыру және бұл бағытта бірлесе жұмыс істеу. Көпэтносты Қазақстан үшін БАҚ-тың рөлі айрықша. Әрбір сөз, әр жарияланым қоғамдағы сенім мен татулыққа әсер етеді», – деп жазды сенатор.
Бибігүл Жексенбай журналистердің кәсіби этикасы – тек мамандық талабы емес, қоғамдық келісім мен ұлттық қауіпсіздіктің кепілі екенін атап өтті.
«Бүгінде көптеген елдер этносаралық тақырыптар бойынша нақты этикалық нормалар енгізген. Мәселен, Ұлыбританияда Ofcom өшпенділік тіліне жол бермейді, Канадада журналист осы бағыттағы “нәзік” тақырыптарды этностық топтармен кеңесіп барып жазады; Еуропа Кеңесінің хартиясында: “Журналист қоғамды бөлуге емес, түсіністікке қызмет етуі тиіс” деп көрсетілген. Бұл – жауапты журналистиканың ортақ қағидаты», – деді ол.
Кездесу барысында тараптар БАҚ-та этносаралық және діни тақырыптарды жариялауға арналған Этикалық кодекс қабылдау, медиа кеңес құру және журналистика факультеттерінде «Толеранттылық және медиаэтика» пәнін енгізу мәселелерін талқылады.
«Бұл бастамалар сөз бостандығын шектеу емес, керісінше қоғамдағы сенім мен кәсібилікті арттыру тетігі», – деп түйіндеді Бибігүл Жексенбай.
Сенатор өз жазбасын халық даналығымен қорытындылады.
«Халқымыз “Бірлік бар жерде – тірлік бар” дейді. Ақпараттық дәуірде бұл қағида бұрынғыдан да маңызды. Біздің міндетіміз – сөз арқылы келісім мен өзара құрметті нығайту», – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
-
Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлейтін жоспар: Зеленский жаңа бұйрыққа қол қойды
20 минут бұрын
-
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін
42 минут бұрын
-
Астаналық жүргізушілерге ескерту: Елордадағы жол жөндеу жұмыстарының кестесі қандай?
48 минут бұрын
-
Астанада Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды
1 сағат бұрын
-
Ресей Қазақстаннан бензин сұраған жоқ – Энергетика министрі
1 сағат бұрын
-
Неге дәл бүгін мыңдаған жұп отау құрып жатыр
1 сағат бұрын
-
Үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін Әл-Фараби даңғылында бөлгіш қоршаулар орнатылып жатыр
2 сағат бұрын
-
Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды
15 сағат бұрын
-
Қаржылық қылмысқа - цифрлық соққы: Алматыда «AFM AI Hackathon 2026» басталды
18 сағат бұрын
-
Павлодар облысында құтқарушылар мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды
19 сағат бұрын
-
Арменияда Нұрлан Сабуровтың концерті дау туғызды
21 сағат бұрын
-
Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты кімдер жазаланады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
23 сағат бұрын
-
Қазақстанда ескі телефондарға сұраныс күрт артты: мамандар маңызды ескерту жасады
1 күн бұрын
-
Алматыда жол-көлік оқиғалары ең көп тіркелген даңғыл белгілі болды
1 күн бұрын
-
Соғыссыз, қансыз: Өзбекстан Қырғызстанға екі ауылды берді
1 күн бұрын
-
Венесуэлада қатарынан екі жойқын жер сілкінісі болды: құрбандар саны ондаған мыңға жетуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Ресей Қазақстаннан АИ-92 бензинін алуды көздеп отыр – Reuters
1 күн бұрын
-
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды
1 күн бұрын
-
85 жылдық рекорд жаңарды: Астанадағы ең ыстық күн болды
1 күн бұрын
-
Қазақстанға биыл 40 млрд теңгенің заңсыз шығарылған активі қайтарылды
1 күн бұрын
-
Бурабай әкімшілігі неге инфрақұрылым салудан бас тартуда?
1 күн бұрын
-
Орынбордағы газ өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасады: Бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді?
1 күн бұрын
-
Еуропадағы электр дағдарысы: Қазақстанда жағдай бақылауда ма?
1 күн бұрын
-
Алматыдан Шымкентке ұшқан ұшақ Таразға мәжбүрлі түрде қонды
1 күн бұрын
-
Алматылық 2 мыңға жуық түлектің ҰБТ тапсырудан бас тартуының басты себебі белгілі болды
1 күн бұрын
-
Қарсы бағытқа шығып кеткен: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Алматы облысында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды
2 күн бұрын
-
Жұмыс орнындағы созылмалы шаршаудың басты себебі: Ғалымдар тығырықтан шығар қарапайым жолды тапты
2 күн бұрын
-
Футбол жанкүйерлері әлем чемпионаттарындағы су ішу үзілістеріне қарсылық білдірді
2 күн бұрын
-
Эйфель мұнарасы уақытша жабылды: Еуропада адамдар неге жаппай қаза табуда?
2 күн бұрын
-
Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың неден көз жұмғанын мәлімдеді
2 күн бұрын
-
Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды
2 күн бұрын
-
Алматы әуежайы жылына 55 млн жолаушыға қызмет көрсетпек
2 күн бұрын
-
Мәжіліс пен Сенат соңғы рет бірлескен отырыс өткізеді
2 күн бұрын
-
Ел дамуына үлес қосқандар: Түркістанда Мемлекеттік қызметшілер күні жоғары деңгейде аталып өтті
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Бельгия ғылым және жасанды интеллект саласында стратегиялық серіктестік орнатты
2 күн бұрын
-
Ақтөбе облысындағы мейрамханада жүзден астам адам уланған: қылмыстық іс қозғалды
2 күн бұрын
-
Қазақстан – ЕО серіктестігі: Брюссельмен стратегиялық диалогтың жаңа бағыттары
2 күн бұрын
-
Жанабыловтар ұтысқа тіккен iPhone 16 смартфондары аукционға шығарылды
2 күн бұрын
-
Көкшетауда әйелді қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты
2 күн бұрын
-
«Алматыдан шыққан көліктер жоғалып жатыр»: Полиция тасымалдау қызметін пайдаланатындарға ескерту жасады
2 күн бұрын
-
Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы жаңа рекорд орнатты
2 күн бұрын
-
Қазақстандық онкологтар: Стресс пен қатерлі ісіктің арасындағы байланыс қандай?
3 күн бұрын
-
Бурабайдың ең танымал нүктесіне кіруге тыйым салынды
3 күн бұрын
-
Желіде жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап береді: Бас прокуратураның ескертуі
3 күн бұрын
-
Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 18 адам қаза тауып, Францияда екі бала қайтыс болды
3 күн бұрын
-
Астанада халықаралық таеквандо мерекесі басталды: ALTAIC Cup пен Kazakhstan Open-ға тоғыз елдің спортшылары жиналды
3 күн бұрын
-
Алматыдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: «Zeekr» жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
3 күн бұрын
-
Ақтөбе облысында мейрамханаға барған 100-ден астам адам уланып, ауруханаға түсті
3 күн бұрын
-
Мәжіліс депутаттары Брест үшін болған шайқастарда қаза тапқан қазақстандық қаһармандарды еске алып, олардың рухына тағзым етті
3 күн бұрын