Бас прокуратура «Ескі Қазақстан» өкілдерінің Эпштейнмен ықтимал байланыстарын тексере бастады
Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы
Қазақстан Бас прокуратурасы америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейннің жарияланған материалдарына байланысты тексеру бастады. Құжаттарда бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған, кейін Премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімовтің есімі аталады.
Бұл туралы Ақордада журналистерге Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.
– Кәрім Мәсімовке қатысты алдын ала тексеру басталды. Эпштейн Қазақстанға келді ме, осы бағытта да тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Асылов.
Эпштейн құжаттарында Мәсімовтің есімі сегіз рет аталғаны хабарланған. Алайда АҚШ-та жарияланған материалдар олардың жеке кездескен-кездеспегенін нақты көрсетпейді.
Еске салайық, 2023 жылдың сәуірінде Кәрім Мәсімов мемлекеттік сатқындық, билікті басып алуға әрекет жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша 18 жылға сотталған.
Бас прокуратура Эпштейннің хат алмасу материалдарында аталған «Ескі Қазақстан» кезеңіндегі өзге саясаткерлердің де байланыстарын тексеріп жатыр.
Бұған дейін Мәжілістегі ОСДП фракциясының депутаты Асхат Рақымжанов Бас прокурор мен ҰҚК төрағасына депутаттық сауал жолдап, «Эпштейн файлдарында» аталған қазақстандық азаматтардың америкалық қаржыгермен байланысын анықтауды сұраған.
Сондай-ақ депутат АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық модель Руслана Коршунованың өліміне қатысты мән-жайды да тексеруді ұсынған. Осындай талаппен Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те шыққан.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда алғаш рет жолаушы мінген аэротакси көкке көтерілді
17 сағат бұрын
-
Reuters: КҚК мұнай тиеуді қайта-қайта тоқтатуға мәжбүр
17 сағат бұрын
-
Инфантино қатты сынға қарамастан ФИФА президенті лауазымында қалатын болды
19 сағат бұрын
-
Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды
19 сағат бұрын
-
Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілмек
20 сағат бұрын
-
Ноланның «Одиссеясы»: Италияның шағын аралы жаһандық туристік орталыққа айналмақ
20 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың көбі өзін кедей санамау үшін айына 260–320 мың теңге керек деп есептейді
20 сағат бұрын
-
Қыркүйектен бастап жаңа ереже күшіне енеді: Бейнебақылау камераларына қойылатын талаптар қатаңдатылды
21 сағат бұрын
-
Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа жауап берді
21 сағат бұрын
-
2027 жылы Астанада УЕФА президенті сайланады
21 сағат бұрын
-
Білім гранттарының иегерлері 7 тамызда белгілі болады
22 сағат бұрын
-
Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басшысына баспананың қолжетімділігін арттыруды тапсырды
1 күн бұрын
-
Жастардан банк карталарын сатып алып, интернет-алаяқтарға өткізген күдікті ұсталды
1 күн бұрын
-
Алматының Ақжар шағынауданында 36 шақырым жолға асфальт төселді
1 күн бұрын
-
Рақымшылық аясында қанша адам босатылды?
1 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша келісімге келуге жақын
1 күн бұрын
-
Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті
1 күн бұрын
-
Министрлік қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасады
1 күн бұрын
-
«Семей орманы» өртті анықтау жүйесіне байланысты «Қазақтелекоммен» соттасып жатыр
1 күн бұрын
-
АҚШ Иранмен соғыста алыс қашықтыққа ұшатын зымыран қорының басым бөлігін жұмсап тастады
1 күн бұрын
-
FIFA-дағы дағдарыс: Инфантино қызметінен кетуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Ғарышта сирек кездесетін оқиға: SpaceX зымыраны Айға соғылады
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Ресей маркетплейстерді біріктіруі мүмкін – ресейлік шенеунік
1 күн бұрын
-
Болашақ студенттердің назарына: грант конкурсының нәтижесі қашан және қайда жарияланады
1 күн бұрын
-
Астанада «Пари Сен-Жермен» клубының ресми футбол академиясы ашылады
1 күн бұрын
-
Әншілерді «шайтанның азаншысы» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
1 күн бұрын
-
Трамп «Теңізшевройл» акционерлерінің табысына көз тікті
2 күн бұрын
-
ҚМДБ Жетісайдағы тойдағы даулы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Алматыда 350 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды
2 күн бұрын
-
310 адам тыйым салынған заттарды алып өтпек болған: алматылық полицейлер қауіпті заттарды тәркіледі
2 күн бұрын
-
Wildberries төңірегіндегі жағдай: Министр отандық маркетплейстерді таңдауға кеңес берді
2 күн бұрын
-
Қазақстан шетелдіктердің елге кіру тәртібін өзгертпек
2 күн бұрын
-
Bloomberg: Дрон қаупіне қарамастан КҚК мұнай тиеуді қайта бастады
2 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастады
2 күн бұрын
-
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз төртінші қабаттан құлап кетті
2 күн бұрын
-
Елімізде аптап ыстықтан 26 адам көз жұмды
2 күн бұрын
-
Тікелей эфирде балағат сөз айтқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды
2 күн бұрын
-
Жолбарыстар Қазақстанға қайта оралды: Жыртқыш аң табиғатқа жіберілді
3 күн бұрын
-
Елімізде әскери техника қозғалысы күшейеді: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдардың салдарынан сатушылар 1,6 триллион теңгеден астам шығынға батуы мүмкін
3 күн бұрын
-
«Өрмекші-адамның» жаңа бөлімі рекорд орнатты: Әлемдік кассалық түсім 1 млрд долларға жақындады
3 күн бұрын
-
Мұнай бағасы күрт төмендеді
3 күн бұрын
-
Израиль Газадағы әскери операцияны тоқтатуға келісті – араағайындар
3 күн бұрын
-
Австралия балаларға әлеуметтік желіні бұғаттады, бірақ мектеп оқушыларының 80%-ы әлі отыр
3 күн бұрын
-
МӘМС қорынан 3,5 миллиард теңге жымқырылған
3 күн бұрын
-
ОПЕК елдері мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді
3 күн бұрын
-
Ғылыми жаңалық: Депрессия адамның эмоциясына ғана емес, көру қабілеті мен қозғалысына да әсер етеді
3 күн бұрын
-
АҚШ жасанды интеллектіні бір тетікпен өшірмек
4 күн бұрын
-
Мәскеудегі мейрамханада жарылыс болып, кемінде үш адам қаза тапты
4 күн бұрын
-
КҚК жұмысы толық тоқтай ма: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
5 күн бұрын