$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Бас прокуратура: Әлеуметтік желідегі ақпараттар назардан тыс қалмайды

Дулат Абдраманов
23 маусым 2025 22:36 54
ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев BIZDIÑ ORTA подкастында берген сұхбатында әлеуметтік желілер мен журналистік зерттеулерде көтерілген мәселелерге прокуратураның қалай қарайтынын түсіндірді.
Бас прокуратура: Әлеуметтік желідегі ақпараттар назардан тыс қалмайды Сурет авторы: Kazinform

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат – қоғамның көңіл-күйі мен проблемаларын білдіретін маңызды сигнал. Сондықтан прокуратура ондай материалдарға күнделікті мониторинг жүргізеді.

 

– Құқық қорғау органдарына қатысты кез келген мәлімет желіде кең таралып, қоғамдық резонанс тудырып жатады. Біз ондай жағдайларға бейжай қарамаймыз. Бірақ қандай да бір шешім қабылдарда эмоцияға емес, тек заң мен нақты дәлелдерге сүйенеміз, – деді Ж. Өмірәлиев.

 

Ол сонымен қатар желіде жарияланған мәліметтер сот пен тергеуге кедергі келтірмесе немесе қысым сипатында болмаса, прокуратура оларды ресми түрде ескеретінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар