$ 489.17 € 576.63 ₽ 6.38

Бас мүфти кәсіпкерлерді ораза кезінде азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды

Абдрахманов Мағжан
19 ақпан 2026, 10:39
Бас мүфти кәсіпкерлерді ораза кезінде азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды Сурет авторы: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы қарсаңында ел кәсіпкерлері мен қоғамдық тамақтану орындарының иелеріне арнайы үндеу жасады. Бас мүфти әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қолжетімді ету – сауабы мол іс екенін атап өтті.

Мүфти өз жолдауында Рамазан айының берекесін арттыру үшін бизнес өкілдерін қайырымдылық танытуға үндеді. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырды. Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді бағамен ұсынудың маңыздылығын жеткізді. Мұндай қадамдар мұқтаж жандарға демеу болып қана қоймай, кәсіпке береке әкелетін сауапты амал екенін айтты.

Сонымен қатар, Наурызбай қажы Тағанұлы дүкен иелеріне де үндеу тастап, қасиетті айда «күллі жамандықтың бастауы» болған арақ-шараптың сатылуына жол бермеуге шақырды. Сондай-ақ ораза кезінде өткізілетін құдайы астарды ауызашар уақытына ауыстырып, көпшіліктің алғысын алуға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар