$ 519.61 € 610.13 ₽ 6.54

«Барселона» клубын кім сатып алатыны белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
15 желтоқсан 2025, 16:02
«Барселона» клубын кім сатып алатыны белгілі болды Сурет авторы: x.com/@F_GallardoTV

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман Әл Сауд испандық әйгілі «Барселона» футбол клубын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы El Chiringuito TV арнасының журналисі Франсуа Гальярдо өзінің X парақшасында хабарлады.

Журналистің мәліметінше, ханзада клубты 10 миллиард еуроға сатып алуды жоспарлап отыр.

Алайда мәміленің жүзеге асуына «Барселонаның» ерекше құрылымы кедергі келтіруі мүмкін. Клуб жеке меншік компания емес, оның иелері – мүшелері (с socios) болып табылады. Олар клубтың басқару жүйесін және президент сайлауын бақылайды.

Гальярдоның айтуынша, қазіргі таңда «Барселонаның қарызы 2,5 миллиард еуродан асып кеткен.

Forbes дерегінше, каталондық клубтың жалпы нарықтық құны шамамен 5,6 миллиард долларды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша «Барселона» әлемдегі ең қымбат бес футбол клубының қатарына кіреді.

Мұхаммед бин Салман соңғы жылдары спорт саласына белсенді инвестиция салып келеді. Бұған дейін Сауд Арабиясы «Ньюкасл Юнайтед» клубын сатып алып, елде Formula 1, бокстан әлем чемпионаты және футбол Суперкубогы сияқты халықаралық жарыстарды өткізу арқылы спорт арқылы беделін арттыру саясатын жалғастырып келеді.

Соңғы жаңалықтар