$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Бәрі Алматыда шешіледі: «Қайрат» Финляндиядан жеңіліспен оралды

Редакция
23 шілде 2025 10:52 177
Бәрі Алматыда шешіледі: «Қайрат» Финляндиядан жеңіліспен оралды Сурет авторы: "Қайрат" ФК

Финляндияның Куопио қаласында өткен UEFA Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта алматылық «Қайрат» жергілікті КуПС командасынан 2:0 есебімен жеңіліс тапты.

49-минутта КуПСшабуылшысы Туре қорғаушылардың қателігін тиімді пайдаланып, есеп ашты. Екінші таймда «Қайрат» таразы басын теңестіруге ұмтылғанымен, шабуылдар аз болды. Ал Оксанен 71-минутта есепті еселей түсіп, матчтың соңғы нүктесін қойды — 2:0.

Қарымта матч 31 шілде күні Алматыда өтеді. Қазақстандық клуб келесі кезеңге өтуі үшін кем дегенде екі гол соғуы керек.

Кездесуден кейін «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин:
– «Біз қарсыластың алаңында ойнадық, мұндай нәтиже бәрібір ауыр. Алғашқы таймда өз мүмкіндіктерімізді пайдаланбадық. Бірақ Алматыда бәрін өзгертуге мүмкіндігіміз бар», – деді.

Матч статистикасы:
•    Допқа иелік ету: КуПС— 47%, Қайрат — 53%
•    Соққылар: КуПС— 9 (қақпаға 7), Қайрат — 12 (қақпаға 5)
•    Бұрыштамалар: КуПС— 5, Қайрат — 10

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар