$ 536.58 € 622.75 ₽ 6.71

Балқаштағы даулы оқиға: 8 жастағы баланы азаптаған ер адам өз әрекетін ақтауға тырысты

Редакция
06 тамыз 2025 12:20 416
Балқаштағы даулы оқиға: 8 жастағы баланы азаптаған ер адам өз әрекетін ақтауға тырысты Сурет авторы: NUR.KZ

Қарағанды облысында 8 жастағы бала ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оның денесі күйіп, саусақтары сынған, бетінде көгерген іздер бар. Күдікті бұның бәріне баланың өзі кінәлі дейді.

Бала анасымен бірге күдікті ретінде «Қазақмыс» компаниясының қызметкерін атап отыр. Айтуынша, баласы сол адамның үйіне барғаннан кейін бірнеше сағат бойы азапталған. Күдікті өз әрекетін баланың кәмелетке толмаған қызына тиісуге ұмтылғанымен түсіндіріп отыр.

Бұл оқиға Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның бақылауына алынды. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да іске араласып, ресми хат жолдады.

Қазір тергеу жүріп жатыр. «Қазақмыс» компаниясы тергеуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. 

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар