$ 474.63 € 544.5 ₽ 5.92

Балқашта жаңа зауыт іске қосылып, 1,2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады

Редакция
30 шілде 2026, 10:22
Балқашта жаңа зауыт іске қосылып, 1,2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады Сурет авторы: СЦК РК

Балқаш қаласында жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы жоспарлануда. Заманауи өндіріс ошағы пайдалануға берілгенде 1,2 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауқымды жобаға құйылған жеке инвестиция көлемі 750 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорынның құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталып, 2030 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жоба жүзеге асқан сәтте қызметкерлердің, соның ішінде басшылық құрамның 90 пайызын жергілікті мамандар құрайды. Ал таяу пiнiш жылда бұл көрсеткішті 95 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар инвестор Қарағанды облысындағы оқу орындарында 50 студентті даярлап шығу міндеттемесін өз мойнына алды.

Зауыт толық қуатына көшкенде жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 миллион тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге мүмкіндік алады.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті келісімді бекіту туралы қаулыға қол қойды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qazaq Smelter» ЖШС арасындағы келісім шеңберінде жүзеге асатын бұл жоба елдегі мыс өндірісін 1,5 есеге арттырып, жылына 800 мың тоннадан асыруға жол ашады. Сондай-ақ жоғары қосылған құны бар өнім экспортының көлемі жылына 760 мың тоннаға дейін ұлғаймақ.

Соңғы жаңалықтар