«Балама буллинг жасаған»: Құлсарыда балтамен шабуылдаған оқушының анасы ұлының әрекетін түсіндірді
Сурет авторы: видеодан кадр/ КТК
Құлсары қаласындағы №6 мектепте балтамен жасалған шабуылға қатысты оқушының анасы оқиғаның біржақты бағаланып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұлы ұзақ уақыт қатарластарының қысымына ұшыраған. Бұл жөнінде КТК арнасы хабарлады.
Анасының сөзінше, буллинг бір жылдан бері жалғасқан.
«Екі жақты қарау керек. Буллинг болып тұр. Бұл балалар бір жылдан бері тиісіп жүрген көрінеді. Бала өзі төрт балаға әлі келмейтіндіктен, осындай балалықпен жұмыс жасайды. Ешқандай ата-ана мектепке балтамен бар деп айтпайды. Ол менің жалғыз түйір балам», — дейді Мәншүк Жиенбетова.
Сондай-ақ әйел баласының мектепке балтаны әдейі апармағанын, оны далада тауып алғанын айтты.
Алайда мектептегі бірқатар ата-ана бұл уәжбен келіспейтінін білдірді. Олардың пікірінше, қолына балта ұстап шабуыл жасаған оқушының қайтадан сабаққа қосылуы өзге балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Ата-аналардың айтуынша, бұрын пышақ секілді жасырын әкелінетін құралдардың өзі алаңдатса, енді ашық түрде балта әкелінуі жағдайдың күрделілігін көрсетеді.
«Пышақ дейтін былай қалды, балтамен шабамыз. Бұрын көрінбейтін қару — пышақты ұстайтын еді. Енді нән балтаны апарып тұр. Түсінігі дұрыс емес болып тұр ғой. Бұл жерде әр жастағы бала оқиды. Қазір жазатайым кетіп бара жатып, бір балаға тиіп кетеді. Болғаннан кейін не керек?! Ол бала бір жағынан «бізге бұзақылық жасай беруге болады, ертең директорды ауыстырып жібереді» деп ойлайды. Бұнымен проблема шешілмейді», – дейді ата-аналардың бірі Елена Сарбалина.
Ал мұғалімдер қауымы аталған 10-сынып оқушысы бұған дейін де мектепішілік бақылауда болғанын айтады. Ұжым өкілдерінің сөзінше, ата-анасына бірнеше мәрте ескерту жасалған.
Қазір ата-аналар мен ұстаздар мәселені Оқу-ағарту министрлігі деңгейінде қарауды сұрап отыр. Олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты шешім қабылдануы тиіс деп санайды.
Еске салайық, 5 ақпанда Құлсары қаласындағы №6 мектепке 10-сынып оқушысы балтамен келіп, екі оқушыны жарақаттаған. Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін тергеу судьясының шешімімен ол үйқамаққа жіберілді.
Жылыой ауданы прокуратурасы бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа өтінішхат жолдағанын мәлімдеді. Қадағалаушы орган істің мән-жайы қайта қаралатынын хабарлады.
Ал мектеп директоры қызметінен босатылған. Мұғалімдер мен ата-аналардың бір бөлігі бұл шешімге қарсылық білдіріп, бұрынғы басшыны қызметіне қайтаруды сұрап отыр.
Құзырлы органдар тергеу амалдары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
-
ӘЧ-2026: Қазақстандықтар матчтарды қайдан көре алады?
1 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстандағы президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады
1 сағат бұрын
-
Жер шары халқының 42 пайызы ми мен ішек байланысының бұзылуынан зардап шегеді
1 сағат бұрын
-
«Таза сана - таза қала»: Елордалық жұмысшылар «Бәйтерек» алаңында Әнұран орындаған сәті
2 сағат бұрын
-
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу шектері қашан жарияланады?
2 сағат бұрын
-
Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы Алматыда қамауда отыр
2 сағат бұрын
-
АҚШ-та Трампқа Ирандағы соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарар қабылданды
3 сағат бұрын
-
Отбасы банктің ипотекасы қымбаттайды
3 сағат бұрын
-
Анна Данилина «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды
3 сағат бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетеді – сарапшылар
4 сағат бұрын
-
Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
4 сағат бұрын
-
Алматыда жүкті әйел мен шақалақ қаза тапты: Туыстары әділдік іздейді
4 сағат бұрын
-
АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны 100 млрд доллардан асты
5 сағат бұрын
-
Қазақстан жасанды интеллектіні енгізу деңгейі бойынша әлемнің үздік 30 елі қатарына енді
5 сағат бұрын
-
Елімізде бала тууына және күтіміне байланысты төленетін жәрдемақылар көлемі белгілі болды
5 сағат бұрын
-
АҚШ Қазақстан тауарларына қосымша баж салығын енгізуі мүмкін
21 сағат бұрын
-
«Астанада» үлкен өзгеріс күтілуде: клуб трансферлерді кейінге қалдырды
22 сағат бұрын
-
Елімізде шетелдік маркетплейстерден алынатын тауарларды декларациялау міндеттелді
22 сағат бұрын
-
Сот орындаушысына барудың қажеті жоқ: Әкімшілік амнистия кезінде шоттардағы бұғат қалай алынады?
23 сағат бұрын
-
Бишімбаев пен Мәсімов амнистияға іліге ме: ІІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Хакерлер жасанды интеллект арқылы Instagram аккаунттарды бұзып алған
1 күн бұрын
-
Алматыда 200-ден астам құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды: Қандай заңбұзушылықтар анықталды?
1 күн бұрын
-
«Бұл – мемлекеттің өз азаматтарына деген кең пейілін білдіретін гуманизм актісі» – депутат рақымшылық туралы айтты
1 күн бұрын
-
Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
1 күн бұрын
-
Перуашев Қазақстанды "Штрафстан" деп айтқаны үшін тағы да кешірім сұрады
1 күн бұрын
-
500 мыңнан астам қазақстандықтың айыппұлы кешірілмек
1 күн бұрын
-
LRT шығындары Үкімет резервінен заңсыз қаржыландырылды – Жоғары аудиторлық палата
1 күн бұрын
-
Ұлттық қор – балаларға: Миллиондаған доллар қаржы игерілмей отыр
1 күн бұрын
-
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетті
1 күн бұрын
-
Азияның жетекші университеттері Астанада бас қосты
1 күн бұрын
-
Миллиардтар қайтыс болғандар мен шетелдіктерге аударылған: Еңбек министрі зейнетақы жүйесіндегі ірі заңбұзушылықтар туралы айтты
1 күн бұрын
-
Шетелден қаржы алатын қазақстандық ұйымдардың тізімі жарияланды
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың жалақысы қанша болу керек: Еңбек министрі ойын айтты
1 күн бұрын
-
«Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін»: Тоқаев елімізді «Штрафстан» дейтіндерге жауап берді
1 күн бұрын
-
Мұнай ма, соғыс па: Қайсысы бірінші бітеді?
1 күн бұрын
-
Жақсы зейнетақы алу үшін не істеу керек: Еңбек министрі жолын айтты
1 күн бұрын
-
Қазақстанда зейнетақы жүйесі өзгеруі мүмкін: Өзгерістер маусым айының соңында таныстырылады
2 күн бұрын
-
Трамп Нетаньяхуды балағаттап, Ливандағы соққылар үшін қатаң сынға алды
2 күн бұрын
-
Еуроодақ Қазақстанда босқындар орталығын ашпақ па?
2 күн бұрын
-
Сенат депутаты Б. Жексенбай мектеп оқушылары үшін Парламент Сенатының ғимаратында танымдық экскурсия өткізді
2 күн бұрын
-
Әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр: Қорғаныс министрілігінің есебі
2 күн бұрын
-
Сенатор Бибігүл Жексенбай Токиода Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті
2 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстан облысының әкімі дарынды оқушыларды марапаттап, лагерьге жолдама берді
2 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол апаты: жәбірленуші тараптар Александр Пақты кешірді
3 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран тағы да соққы алмасты
3 күн бұрын
-
Михаил Шайдоров Спорт министрлігімен келісімшартқа қол қойды
3 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған апат: Жүргізуші кінәсін толық мойындады
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтар балаларының бойына қандай құндылықтарды сіңіргісі келеді?
3 күн бұрын
-
Парижде ПСЖ жеңісінен кейін 700-ден астам адам тұтқындалды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар
3 күн бұрын
-
Зеленский келіссөздер арқылы соғысты қысқа дейін аяқтау мүмкіндігі туралы мәлімдеді
3 күн бұрын