$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Балабақшаларды лицензиялау және жетімдерді жақын туыстарына беру: Тоқаев заңға қол қойды

Редакция
30 желтоқсан 2024 04:13 2209
Балабақшаларды лицензиялау және жетімдерді жақын туыстарына беру: Тоқаев заңға қол қойды Сурет авторы: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жақын туыстарының отбасына орналастыруды көздейді. Бұрын мұндай балалар балалар үйіне жіберілетін. Жақын туыстар ретінде баланың ата-әжелері, сондай-ақ әке немесе шешенің бауырлары есептеледі.

Сонымен қатар жеке мектеп оқушылары енді әкімдіктерден әлеуметтік көмек ала алады. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы бала мемлекеттік мектептерде білім алып, оларға киім, кеңсе заттары мен тамақтануға қолдау көрсетіледі. Алайда 25 мыңнан астам мұқтаж бала жеке мектептерде оқып, әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмай отыр.

2027 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы ұйымдар лицензия алуға міндетті болады.

Бұдан бөлек қазақстандық колледждерде онлайн оқыту мен академиялық мобильділік принципі енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар