$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Балабақша мен мектептерде тамақтану тәртібі өзгерді

Редакция
06 мамыр 2025 03:13 3228
Балабақша мен мектептерде тамақтану тәртібі өзгерді Сурет авторы: Дмитрий Рогулин/ТАСС

Балабақша, мектеп, балалар үйінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануын ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің жаңа бұйрығында айтылған.

Жаңа тәртіп бойынша білім беру ұйымының басшысы күн сайын келесі күнге арналған мәзірді бекітіп отыруға міндетті. Бұл мәзір асхананың ішіне, ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қолжетімді жерге ілінуі қажет.

Мәзір өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бекіткен перспективалық мәзірге сай әзірленуі тиіс.

«Перспективалық мәзір білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, табиғи тамақтану нормаларына, тамақтану нысанының түріне, ас блогының көлемі мен жабдықталуына, сонымен қатар ұлттық дәстүрлерге және өңірде өндірілетін отандық өнімдердің ассортиментіне қарай жасақталады. Мәзір салауатты тамақтану қағидаларына сәйкес құрылады», – делінген министрлік хабарламасында.

Жаңа ережелер бойынша тегін тамақ алатын оқушылардың есебі арнайы электронды жүйе арқылы жүргізіледі. 

Электронды жүйенің енгізілуі:

  • тегін тамақтану бойынша заңбұзушылықтарды азайтады;

  • есеп жүргізуді автоматтандырады;

  • бақылау тиімділігін арттырады.

Құжат 2025 жылғы 16 мамырдан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар