$ 464.02 € 536.18 ₽ 5.54

Бақытжан Базарбек жолда адам қағып кетті ме: Полиция не дейді

Абдрахманов Мағжан
17 тамыз 2026, 10:52
Бақытжан Базарбек жолда адам қағып кетті ме: Полиция не дейді Сурет авторы: parlam.kz

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында болған жол апатына қатысты. Өңірдің Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, Тұрар Рысқұлов ауданында Toyota көлігін басқарған Б. есімді азамат жол үстінде тұрған ер адамды қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota автокөлігінің жүргізушісі Б. жолдың жүріс бөлігінде болған ер адамды қағып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шегуші орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Дәрігерлер зардап шеккен адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Қазір полиция қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бейресми мәлімет бойынша, бұған дейін тасжолда басқа көлік сиырды қағып кеткен. Бір топ ер адам жануардың өлексесін жолдан алып тастауға әрекеттенген кезде олардың бірін Toyota RAV4 қағып кеткен. Көлікті Базарбек басқарғаны айтылады.

Алайда оқиғаның бұл мән-жайын полиция әзірге ресми растаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар