$ 454.31 € 528.04 ₽ 5.25

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт 24 күннен кейін комадан шықты

Абдрахманов Мағжан
08 қыркүйек 2026, 10:18
Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт 24 күннен кейін комадан шықты Сурет авторы: t.me/mazhilis_kz

Бақытжан Базарбек қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Нұржігіт 24 күннен кейін комадан шықты. Бұл туралы бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Нұржігіт есін жиып, жақындарын тани бастаған. Қазір ол анасын, жұбайы мен балаларын, туған-туыстарын танып отыр.

Нұржігіт Тараз қаласында ем қабылдап жатыр. Базарбектің мәліметінше, науқастың жағдайын анестезиолог және реаниматолог дәрігерлер бақылауда ұстап отыр. Оған Денсаулық сақтау министрлігі де қажетті қолдау көрсетіп жатыр.

«Нұржігітті аяғына тұрғызуда. Бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпаратты бұрмаламай, шынайылыққа сәйкес келмейтін мәлімет таратпауды сұраймын», – деп жазды Бақытжан Базарбек.

Соңғы жаңалықтар