$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Бақтиер Зайнутдинов «Динамо» клубының ойыншысы атанды

Редакция
28 шілде 2025, 16:49
Бақтиер Зайнутдинов «Динамо» клубының ойыншысы атанды Сурет авторы: «Динамо» ФК

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ресейлік «Динамо» (Мәскеу) клубымен келісімшартқа отырды. Ол бұған дейін Түркияның «Бешикташ» командасында ойнаған.

Мәскеулік клуб футболшыны сатып алу үшін «Бешикташқа» жалпы көлемі 3 миллион еуро төледі. Бұл сомаға бонустар да кіреді. Қазақстандық ойыншы үшін бұл — жоғары трансферлік құн саналады. Тараптар 2029 жылға дейін есептелген ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізді.

Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 36 матчқа қатысып, нәтижелі әрекет тіркей алмады. Оның ішінде Еуропа лигасында — 2 ойын, Түркия кубогында — 4 кездесу өткізген.

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар