$ 464.73 € 546.57 ₽ 6.19

Азия Олимпиадалық кеңесіне вице-президент сайланды

Редакция
22 сәуір 2026, 15:53
Құдірет Шамиев Азия Олимпиадалық кеңесінің атқарушы комитетіне вице-президент болып сайланды
Азия Олимпиадалық кеңесіне вице-президент сайланды

Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының президенті Құдірет Шамиев Азия Олимпиадалық кеңесінің (ОСА) Атқарушы комитетіне вице-президент ретінде енді. Ол 2029 жылы Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру мәселелерін қадағалайды.

Шешім Қытайдың Санья қаласында өткен VI Азия жағажай ойындары-2026 аясындағы ОСА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.

Жаңа қызмет аясында Құдірет Шамиев қысқы Азия ойындары-2029-дың дайындық және өткізу жұмыстарын үйлестіріп, Алматыдағы додаға қатысты барлық ұйымдастыру құрылымдарымен тығыз байланыс орнатады.

Айта кетейік, ол бұған дейін Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Атқарушы комитетінің мүшесі, сондай-ақ Altaic Taekwondo Union ұйымының басшысы қызметтерін атқарып келеді.

Алматыдағы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық басталып кетті деуге болады — енді жауапкершілік те, үміт те еселене түсті.

Соңғы жаңалықтар