$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Ажырасқан ерлі-зайыпты тойда берілген сыйлықтар үшін соттасты

Редакция
27 қараша 2025 11:10 270
Ажырасқан ерлі-зайыпты тойда берілген сыйлықтар үшін соттасты Сурет авторы: Envato

Шымкентте ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін тойда берілген сыйлықтардың кімге тиесілі екенін анықтау үшін сотқа жүгінген. Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі оның жеке мүлкін, атап айтқанда, 2,4 миллион теңге көлеміндегі заттарды қайтармаған.

Соттың алғашқы инстанциясы әйелдің талабын қанағаттандырып, ер адамнан көрсетілген соманы, сондай-ақ сот шығындары мен мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған.

Алайда апелляциялық сот барысында тараптар дауды медиация арқылы бейбіт жолмен шешуге келісті. Келіссөз нәтижесінде әйел өз талабынан бас тартты, ал ер адам бұрынғы жұбайына 200 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге келіскен.

Бұл сома оның қолында қалған кейбір заттардың құнын өтеу ретінде белгіленді. Ер адам өтемақыны екі апта ішінде төлеуге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар