$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Абдрахманов Мағжан
20 қазан 2025, 17:50
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді Сурет авторы: Ақорда

Бүгін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Мәртебелі мейманды Астана әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сапар барысында мемлекет басшылары екіжақты келіссөздер өткізеді және Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.

Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.

Соңғы жаңалықтар