$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді

Редакция
29 сәуір 2024 13:33 2613
Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді

Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынбақ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге де, Ереванға да жақында жасаған сапарларында осы елдер арасында берік, ұзақмерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен. Келіссөз өткізу үшін алаң ұсыну арқылы жәрдем көрсетуге дайын екенін де мәлімдеген.

«Шынында да, осындай келіссөздер Алматыда өтуге жоспарланып отыр. Біз Әзербайжан мен Армениядағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Алдағы келіссөздер тек қана екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана «Good office» деп аталатын ізгі ниет қызметтерін көрсетеміз. Өтетін күні немесе басқа да ақпарат қосымша хабарланады», - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар