$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Азаттық радиосы мен СІМ аккредитация бойынша медиациялық келісімге келді

Редакция
23 сәуір 2024 06:55 3702
Азаттық радиосы мен СІМ аккредитация бойынша медиациялық келісімге келді Сурет авторы: Азаттық радиосы

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) Қазақстан сыртқы істер министрлігімен осы елдегі тілшілерінің аккредитациясы мәселесі бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Азаттық радиосының президенті әрі атқарушы директоры Стив Капус СІМ-мен келісімді құптайтынын жеткізді. Процесс барысында олар Азаттық журналистерінің Қазақстандағы жұмыстарын қауіпсіз әрі компромиссіз жалғастыруына мүмкіндік жасауды мақсат етті.

"Өз аудиториямызға тәуелсіз әрі шынайы ақпарат беру міндетімізге адал болып қала береміз және бұл келісім осыны жүзеге асыруға жағдай жасайды деген сенімдемін", – деді Стив Капус.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация беруден бас тартқан болатын. Азаттықтың кей тілшілері аккредитациясын 2022 жылдың аяғынан бері ұзарта алмай келген.

Соңғы жаңалықтар