$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Айыппұл рекорды: бір облысты қамтамасыз ететін қаржы жиналды

Абдрахманов Мағжан
14 қаңтар 2026, 16:02
Айыппұл рекорды: бір облысты қамтамасыз ететін қаржы жиналды Сурет авторы: Getty Images

Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар саны жаңа рекордқа жетті. Ресми деректерге сәйкес, өткен жылы ел аумағында 17,6 миллион әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға артық.

Әкімшілік жаза қолданылған азаматтар саны 17 миллионнан асып, бір жылдағы өсім 16,5 пайызды құрады.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы көлемі 315,6 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 3,7 пайызға артқан. Ал нақты өндірілген қаржы 226,4 млрд теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18,9 пайызға жоғары.

Сондай-ақ айыппұлдардың өндірілулік деңгейі де жақсарған. 2025 жылы бұл көрсеткіш 71,7 пайызға жетсе, 2024 жылы 62,6 пайыз деңгейінде болған.

Соңғы жаңалықтар