Аймағамбетов: Бір дәрігерді соққыға жығу – мың адамды емсіз қалдыру деген сөз
Сурет авторы: Коллаж: Qrnews
Мәжілісте депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға арналған заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды. Ол сөзін нақты мысалдармен бастап, дәрігерлерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың қоғам үшін ауыр салдары бар екенін атап өтті.
Аймағамбетовтің айтуынша, Қостанай қаласында тәжірибелі урологқа жасалған шабуылдың салдары тек бір адамның жарақат алуымен шектелмеген.
«Дәрігердің бас сүйегі сынып, миына қан құйылды. Ол төрт ай жұмысқа шыға алмады. Ал осы уақыт аралығында шамамен 960 адам медициналық көмекке қол жеткізе алмады. Демек, бір дәрігерге қол көтеру — мыңға жуық адамды емсіз қалдырумен тең», – деді депутат.
Ол сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалған шабуыл туралы да айтты. Мас адамдардың қолынан фельдшер мен жүргізуші жарақат алған.
«Жедел жәрдем жүргізушісі – фельдшердің жалғыз қорғаушысы, ол көмекші де, тіпті тасушы рөлін де атқарады. Олар 15 күн жұмысқа шыға алмады. Бұл уақытта 120 шақыртуға баруы тиіс еді. Демек, мұндай оқиға – жай ғана төбелес емес, өмір мен өлім мәселесі», – деді Аймағамбетов.
Соңғы бес жылда елде 280 медицина қызметкеріне шабуыл тіркелген. Бірақ шынайы көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, себебі көп дәрігер арыздануға қорқады.
«Өйткені олардың қорғау табатынына сенімдері жоқ», – деді депутат.
Заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген. Онда Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бап енгізу көзделген. Ол «медицина қызметкері» және «жедел медициналық жәрдем жүргізушісі» деген арнайы субъектіні белгілейді.
«Бүгінде полицейлер, прокурорлар, судьялар және тіпті орман инспекторлары заңмен қорғалады. Ал адамның өмірін сақтап жүрген дәрігерге қол көтеру – тек бұзақылық ретінде бағаланады. Бұл әділетсіз», – деді депутат.
Аймағамбетов жаңа баптың мазмұны егерьлерді қорғау жөніндегі бапқа ұқсас екенін атап өтті.
«Ақ халатты абзал жандар да дәл сондай құқықтық қорғауға лайық. Өйткені олар күн сайын қауіп-қатер жағдайында жұмыс істейді», – деді ол.
Сонымен қатар, депутат дәрігерлердің өз жұмысына жауапкершілігі жоғары болғанымен, олар мемлекет тарапынан қорғансыз екенін айтты.
«Дәрігер өз міндетін орындамаса, қателік жіберсе – бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ оған қол көтерген адам тек айыппұл төлеп құтылады. Бұл – әділетсіздік», – деді Аймағамбетов.
Ол сонымен бірге ерлікпен көз жұмған фельдшер Ұлдана туралы мысал келтіріп, медицина қызметкерлерінің жанқиярлығын атап өтті.
Аймағамбетовтің айтуынша, дәрігерге шабуыл жасау – тек жеке тұлғаға емес, ұлт саулығына қарсы қылмыс.
«Хирургтың қолы – адам өмірін құтқаратын құрал. Егер оның саусағы сындырылса, ол енді ота жасай алмайды. Демек, бұл мыңдаған адамның тағдырына әсер етеді», – деді ол.
Депутат жедел жәрдем мен қабылдау бөлімдерінің қауіпті жағдайда жұмыс істейтінін де еске салды.
«Олар кімнің үйіне кіріп бара жатқанын білмейді. Біз полицей мен прокурорды қорғасақ, адам өмірін арашалап жүрген дәрігерді де қорғауға міндеттіміз», – деді ол.
Аймағамбетов сөзінің соңында заң жобасының мақсатын нақтылады.
«Бұл тек дәрігерлерді қорғау туралы заң емес. Ашығын айтқанда Заң жобасы – дәрігерлерді емес, біздің азаматтарымыздың құқығын қорғау туралы. Бұл – педиатрды күтіп отырған кішкентай балаларды қорғау туралы норма. Бұл – инфаркт алып жедел жәрдем шақырған зейнеткерлерді қорғау туралы. Бұл – бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы туралы заң. Бұл нақты сигнал: дәрігерлер мен жедел жәрдемшілерге тиісуге болмайды», – деді депутат.
Жаңа бап қабылданған жағдайда, дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне қол көиергендер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
-
Мемлекеттік рәміздер күні Түркістанда 500-ден астам әлеуметтік осал топ өкілдеріне пәтер кілттері берілді
15 минут бұрын
-
Эбола індеті өршіп барады: ондаған адам көз жұмды, жүздеген адам жараланды
48 минут бұрын
-
ӘЧ-2026: Қазақстандықтар матчтарды қайдан көре алады?
2 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстандағы президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады
2 сағат бұрын
-
Жер шары халқының 42 пайызы ми мен ішек байланысының бұзылуынан зардап шегеді
2 сағат бұрын
-
«Таза сана - таза қала»: Елордалық жұмысшылар «Бәйтерек» алаңында Әнұран орындаған сәті
3 сағат бұрын
-
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу шектері қашан жарияланады?
3 сағат бұрын
-
Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы Алматыда қамауда отыр
3 сағат бұрын
-
АҚШ-та Трампқа Ирандағы соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарар қабылданды
4 сағат бұрын
-
Отбасы банктің ипотекасы қымбаттайды
4 сағат бұрын
-
Анна Данилина «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды
4 сағат бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетеді – сарапшылар
5 сағат бұрын
-
Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
5 сағат бұрын
-
Алматыда жүкті әйел мен шақалақ қаза тапты: Туыстары әділдік іздейді
5 сағат бұрын
-
АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны 100 млрд доллардан асты
6 сағат бұрын
-
Қазақстан жасанды интеллектіні енгізу деңгейі бойынша әлемнің үздік 30 елі қатарына енді
6 сағат бұрын
-
Елімізде бала тууына және күтіміне байланысты төленетін жәрдемақылар көлемі белгілі болды
6 сағат бұрын
-
АҚШ Қазақстан тауарларына қосымша баж салығын енгізуі мүмкін
22 сағат бұрын
-
«Астанада» үлкен өзгеріс күтілуде: клуб трансферлерді кейінге қалдырды
23 сағат бұрын
-
Елімізде шетелдік маркетплейстерден алынатын тауарларды декларациялау міндеттелді
23 сағат бұрын
-
Сот орындаушысына барудың қажеті жоқ: Әкімшілік амнистия кезінде шоттардағы бұғат қалай алынады?
1 күн бұрын
-
Бишімбаев пен Мәсімов амнистияға іліге ме: ІІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Хакерлер жасанды интеллект арқылы Instagram аккаунттарды бұзып алған
1 күн бұрын
-
Алматыда 200-ден астам құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды: Қандай заңбұзушылықтар анықталды?
1 күн бұрын
-
«Бұл – мемлекеттің өз азаматтарына деген кең пейілін білдіретін гуманизм актісі» – депутат рақымшылық туралы айтты
1 күн бұрын
-
Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
1 күн бұрын
-
Перуашев Қазақстанды "Штрафстан" деп айтқаны үшін тағы да кешірім сұрады
1 күн бұрын
-
500 мыңнан астам қазақстандықтың айыппұлы кешірілмек
1 күн бұрын
-
LRT шығындары Үкімет резервінен заңсыз қаржыландырылды – Жоғары аудиторлық палата
1 күн бұрын
-
Ұлттық қор – балаларға: Миллиондаған доллар қаржы игерілмей отыр
1 күн бұрын
-
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетті
1 күн бұрын
-
Азияның жетекші университеттері Астанада бас қосты
1 күн бұрын
-
Миллиардтар қайтыс болғандар мен шетелдіктерге аударылған: Еңбек министрі зейнетақы жүйесіндегі ірі заңбұзушылықтар туралы айтты
1 күн бұрын
-
Шетелден қаржы алатын қазақстандық ұйымдардың тізімі жарияланды
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың жалақысы қанша болу керек: Еңбек министрі ойын айтты
1 күн бұрын
-
«Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін»: Тоқаев елімізді «Штрафстан» дейтіндерге жауап берді
2 күн бұрын
-
Мұнай ма, соғыс па: Қайсысы бірінші бітеді?
2 күн бұрын
-
Жақсы зейнетақы алу үшін не істеу керек: Еңбек министрі жолын айтты
2 күн бұрын
-
Қазақстанда зейнетақы жүйесі өзгеруі мүмкін: Өзгерістер маусым айының соңында таныстырылады
2 күн бұрын
-
Трамп Нетаньяхуды балағаттап, Ливандағы соққылар үшін қатаң сынға алды
2 күн бұрын
-
Еуроодақ Қазақстанда босқындар орталығын ашпақ па?
2 күн бұрын
-
Сенат депутаты Б. Жексенбай мектеп оқушылары үшін Парламент Сенатының ғимаратында танымдық экскурсия өткізді
2 күн бұрын
-
Әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр: Қорғаныс министрілігінің есебі
2 күн бұрын
-
Сенатор Бибігүл Жексенбай Токиода Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті
2 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстан облысының әкімі дарынды оқушыларды марапаттап, лагерьге жолдама берді
2 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол апаты: жәбірленуші тараптар Александр Пақты кешірді
3 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран тағы да соққы алмасты
3 күн бұрын
-
Михаил Шайдоров Спорт министрлігімен келісімшартқа қол қойды
3 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған апат: Жүргізуші кінәсін толық мойындады
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтар балаларының бойына қандай құндылықтарды сіңіргісі келеді?
3 күн бұрын