$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Аймағамбетов, Ахмедиев, Шапақ: Құрылтай комитеттерін кімдер басқарады

Редакция
28 тамыз 2026, 15:56
Аймағамбетов, Ахмедиев, Шапақ: Құрылтай комитеттерін кімдер басқарады Сурет авторы: Акорда

Құрылтай құрамында маңызды салалар бойынша сегіз тұрақты комитет құрылып, оларды басқаратын жетекшілер белгілі болды. Жоғары деңгейдегі реформалар мен заңнамалық бастамаларға жауап беретін комитет төрағаларының тізімі бекітілді.

Атап айтқанда, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетін Серік Егізбаев басқаратын болды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Үнзила Шапақ жетекшілік етеді. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Марат Қожаев сайланды.

Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетін Әмірбек Оспанбеков, ал Әлеуметтік-мәдени даму комитетін Асхат Аймағамбетов басқарады. Қаржы және бюджет комитетінің тізгіні Ольга Перепечинаға бұйырды.

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы болып Дархан Ахмедиев тағайындалса, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетін Наталья Годунова басқаратын болады.

Жаңадан құрылған комитеттер өз бағыттары бойынша негізгі мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыруға кіріседі.

Соңғы жаңалықтар