$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Әйелін ұрып-соққан дипломаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Редакция
10 мамыр 2024, 08:00
Әйелін ұрып-соққан дипломаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды Сурет авторы: видеодан кадр

Астана полиция департаменті Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаштың өзін және қонаққа келген әпкесін ұрып-соққанын айтқан болатын.

9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен дағдарыс орталығына орналасты.

Соңғы жаңалықтар