$ 460.13 € 532.6 ₽ 5.42

«Әйелге қол көтеру – ерлік емес»: Бас мүфти тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы айтты

Абдрахманов Мағжан
19 тамыз 2026, 17:20
«Әйелге қол көтеру – ерлік емес»: Бас мүфти тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы айтты Сурет авторы: Freepik

Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы отбасындағы әйелге зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ер адамның міндеті – әйелді қорқынышта ұстау емес, оған қорған әрі тірек болу.

Бас мүфти нағыз күш ашуды тежей білуден және сабыр сақтаудан көрінетінін айтты. Оның сөзінше, ұрыс-керіс ұмытылғанымен, ашумен жасалған әрекет немесе айтылған ауыр сөз адамның жанында ұзақ уақыт із қалдыруы мүмкін.

«Отбасы – адам өзін ең қауіпсіз сезінетін мекен болуы керек. Әйел өз үйінде қорқып емес, қадірленіп өмір сүруге тиіс», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол ата-ана қызын ұзатқанда, ең алдымен, оның отбасында бақытты өмір сүргенін қалайтынын да атап өтті.

«Әйелді жылату – ерлік емес. Оған қорған болу – ер адамның міндеті», – деді Бас мүфти.

Соңғы жаңалықтар