$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 15:03
Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

Айбек Дәдебай бірінші шақырылымдағы Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды. Ол елдің жаңа бір палаталы Парламентін басқарады.

Есеп комиссиясының төрағасы Жанарбек Әшімжановтың мәліметінше, дауыс беруге 145 бюллетень берілген. Оның біреуі жарамсыз деп танылып, 144 депутат Дәдебайдың кандидатурасын қолдаған.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында Айбек Дәдебайдың кандидатурасын төрағалыққа ұсынған еді.

Айбек Дәдебай 1980 жылы Алматыда туған. Мемлекеттік органдарда түрлі басшылық қызмет атқарған. Сенатта, Қазақстанның БҰҰ жанындағы өкілдігінде, Президент Іс басқармасында және Президент Әкімшілігінде еңбек еткен. 2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы мамырға дейін Президент Әкімшілігін басқарды.

2026 жылғы мамырда Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды. Құрылтай сайлауында партия 71,17 пайыз дауыс жинап, 145 мандаттың 110-ын иеленді.

Соңғы жаңалықтар