$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Аягөзде әлі жылу жоқ: әкімдік мәлімдемесіне тұрғындардың көңілі толмайды

Редакция
17 қазан 2024 05:00 3333
Аягөзде әлі жылу жоқ: әкімдік мәлімдемесіне тұрғындардың  көңілі толмайды Сурет авторы: freepik

Аягөз қаласының тұрғындары жылу әлі берілмегенін айтып, билік өкілдерінің ресми мәлімдемесіне наразылық білдірді. Қала тұрғындарының айтуынша, орталық қазандыққа қосылған үйлерге жылу басынан бері берілмеген. Бұл туралы КазТАГ хабарлады.

«Үйлерде өте суық, жылу жоқ, ал электр энергиясы жиі өшеді. Көп адам жылыту құрылғыларына тәуелді», – деп шағымданды тұрғындардың бірі КазТАГ редакциясына.

Абай облысының әкімдігі 16 қазан күні сағат 15:00-де жылу жүйесінде ақау болғанын және қазір мәселе толық шешілгенін мәлімдеген еді. Алайда тұрғындар бұл ақпаратты жоққа шығарып, мектептер қашықтан оқуға мәжбүр болып жатқанын айтты.

«Бұл арсыздық әрі өтірік», – деді жергілікті тұрғындар.

Бұған дейін тұрғындар әкімдіктің мәлімдемесін сынға алып, әлеуметтік желілерде пікір білдірген болатын. Кейіннен әкімдік Instagram желісінде пікір қалдыру мүмкіндігін өшіріп, сын-пікірлерді жойып тастаған.

Соңғы жаңалықтар