$ 497.56 € 586.92 ₽ 6.44

Автолизинг: Көлікті қайтарып, басқасын таңдауға рұқсат берілмек

Абдрахманов Мағжан
27 ақпан 2026, 09:28
Автолизинг: Көлікті қайтарып, басқасын таңдауға рұқсат берілмек Сурет авторы: Depositphotos

2025 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеп келе жатқан халыққа арналған автолизинг бағдарламасы жаңартылмақ. Бұл туралы Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Мақашева Курсивке берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, нарық қатысушылары алдағы 1,5–2 ай ішінде жаңа шарттарды ұсынуды жоспарлап отыр. Негізгі өзгеріс – көлікті лизинг мерзімі аяқталмай-ақ ауыстыру мүмкіндігін енгізу.

Қазіргі модель бойынша клиент көлікті толық өтемейінше оны жаңарта алмайды. Ал ұсынылып отырған жаңа тәсілге сәйкес, лизинг алушы көлікті компанияға қайтарып, оның паркінен басқа модельді таңдай алады. Барлық рәсім цифрлық форматта, мобильді қосымша арқылы жүргізілуі мүмкін.

Ай сайынғы төлемдер шамамен 150–350 мың теңге аралығында болуы ықтимал. Бастапқы жарна неғұрлым жоғары болса, шарттар соғұрлым тиімді болмақ.

Сонымен қатар айыппұлдар мен сақтандыру мәселесін қайта қарау көзделіп отыр. Ұсынысқа сәйкес, жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл заңды тұлғаға емес, көлікті нақты пайдаланатын жеке тұлғаға рәсімделуі тиіс. Бұл көлікті иелену құнын төмендетуге бағытталған.

Анар Мақашеваның сөзінше, жаңартылған лизинг шарттары әсіресе жастар мен автопаркін жаңартқысы келетін жеке тасымалдаушылар үшін тиімді болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар