$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Ауыл шаруашылығы министрі "шайн мускат" жүзімінің қауіпсіздігін тексеруді тапсырмақ

Редакция
18 қараша 2024 06:00 4072
Ауыл шаруашылығы министрі "шайн мускат" жүзімінің қауіпсіздігін тексеруді тапсырмақ Сурет авторы: shutterstock

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанға әкелінген "шайн мускат" атты кореялық жүзімнің қауіпсіздігін тексеруді тапсырмақшы. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде бұл жүзімнің құрамында нитраттардың көп екені жайлы ақпарат тарап, тұтынушылар арасында үлкен пікірталас туғызды.

Мәжіліс кулуарында министр шекарадан өткен өнімдердің сертификаты мұқият тексерілетінін және зертханалық сынақтардың жүргізілетінін айтты.

"Егер өнім құжаттар мен зертханалық тексерістен өтсе, онда ол стандарттарға сәйкес келеді. Ал егер заңсыз жолмен әкелінген болса – бұл басқа мәселе", – деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.

Министр комитет төрағасына қосымша сынамалар алып, кореялық жүзімнің қауіпсіздігін тағы бір рет тексеруді тапсыратынын айтты.

Соңғы жаңалықтар