$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Атыраудың тағы бір ауданында Жайықтың деңгейі қауіпті шектен асты

Редакция
05 мамыр 2024 13:18 3067
Атыраудың тағы бір ауданында Жайықтың деңгейі қауіпті шектен асты
 

5 мамырда күндіз Жайық өзенінің деңгейі Индер ауданында қауіпті шектен асып кеткен еді. Кешкі сағат 20:00-де Махамбет ауданында да су деңгейі қауіпті шектен асты. Бұл туралы Атырау облысының жедел штабы хабарлады. 

Кешкі сағат 20:00-де Индербор кентінің тұсында су деңгейі + 15 см-ге ұлғайып, 867 см болды. Бұл қауіпті деңгейден 22 сантиметрге көп.

Ал, Махамбет ауданында + 7 см көбейген су деңгейі 853 сантиметрге жетті. Бұл ауданда қауіпті деңгейі 850 см еді.

Қазір Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі – 493 см. Мұнайлы шаһардағы қауіпті шек 550 см деңгейінде белгіленген.

Жайық өзенінің суы шаһар маңындағы Жаңаталап ауылында 352 см, Еркінқала елді мекенінде 312 см шамасында болып тұр.

Соңғы жаңалықтар