$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі автожолдың тағы бір учаскесінде жұмыстар аяқталды

Редакция
16 қазан 2024 04:58 3596
Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі автожолдың тағы бір учаскесінде жұмыстар аяқталды Сурет авторы: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» компаниясы «Атырау – РФ шекарасы (Астраханға)» жолының 753-833 шақырым аралығындағы 80 шақырым учаскесін қайта жаңарту жұмыстарын аяқтады.

Жолдың жалпы ұзындығы 277 шақырымды құрайды, ал жаңартылған бөлікке асфальтбетон төселді. Жолға 25 байланыс жүйесі, 13 су өткізгіш құбыр, мал өтетін 5 жол және жарықтандыру тіректері орнатылды. 

Бұрын бұл учаске арқылы жол жүру ұзақтығы 5 сағат болса, қазір бүкіл жолды 2 сағаттың ішінде жүріп өтуге болады.

Жобаға 650 маман және 400 техника тартылып, құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар