$ 469.71 € 536.17 ₽ 6.01

Атыраудағы отбасы өлімі: Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына сотталды

Абдрахманов Мағжан
14 шілде 2026, 15:28
Атыраудағы отбасы өлімі: Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына сотталды Сурет авторы: kursiv.media

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жангелдин ауылындағы бір отбасы мүшелерін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлады «Ақ Жайық» басылымы.

Сот оны адам өлтірумен қатар, алаяқтық, ұрлық, мал ұрлау, сондай-ақ құжаттарды заңсыз иемдену және жасыру баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Сәрсемалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушы соңғы сөзінде тағылған жазаны өтеуге дайын екенін айтқан еді.

Іс материалдарына сәйкес, қылмыс Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында жасалған. Сәрсемалиев бұрынғы әйелінің ата-анасын, ағасы мен қарындасын өлтірді деп айыпталды.

Қылмыстан кейін Сәрсемалиев бұрынғы әйелімен бірге Қазақстаннан кеткен. Олар Индонезияда Интерпол желісі арқылы ұсталып, кейін Қазақстанға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар