$ 476.07 € 541.86 ₽ 6.08

Атырауда түнде фейерверк атып, жұрттың мазасын алған екі адам жауапқа тартылды

Редакция
24 шілде 2026, 12:29
Атырауда түнде фейерверк атып, жұрттың мазасын алған екі адам жауапқа тартылды Сурет авторы: azh.kz.news

Атырауда түн ортасында елдің мазасын алып, отшашу ұйымдастырған екі тұрғын полицияның құрығына түсті. Әбігерге түскен қос азамат енді жасаған әрекеттері үшін заң алдында жауап береді.

Қала көшелеріндегі тәртіпті жіті қадағалайтын патрульдік полиция 20 шілдеге қараған түні, сағат 00:20 шамасында Абылқайыр хан даңғылындағы ресторандардың бірінің маңында күдікті әрекетті байқаған, деп хабарлайды Azh.news.

Белгілі болғандай, 1996 және 2005 жылы туған екі жас жігіт көпшілік орында пиротехникалық бұйымдарды атып, шоу ұйымдастырмақ болған. Мұнымен қоса, олар «Toyota» маркалы автокөлігімен айқай-шу шығарып, төңіректегі тұрғындардың түнгі тыныштығын өрескел бұзған.

Атырау облысы Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қос құқық бұзушыға қатысты бірден әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіпті қатаң сақтап, түнгі уақытта өзгелердің мазасын алмауды тағы бір мәрте ескертеді.

Соңғы жаңалықтар