$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

Атырауда фельдшерді атып өлтірді

Абдрахманов Мағжан
18 тамыз 2025 12:36 498
Атырауда фельдшерді атып өлтірді Сурет авторы: mcfr.kz

Атырауда 23 жастағы фельдшер қаза тапты. Қайғылы оқиға 17 тамызға қараған түні қаладағы тойханалардың бірінде орын алған. Бұл туралы Atyrau ONLINE хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал досының үйлену тойында басталған. Кейін бірнеше адамның қатысуымен топтық төбелеске ұласқан. Достары жағдайды реттеуге көмектесуі үшін фельдшерді шақырған. Алайда кикілжің тоқтамай, қақтығыс кезінде атыс болған. Оқ жас жігіттің өмірін қиды.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – деп хабарлады ведомство.

Соңғы жаңалықтар