$ 470.17 € 547.47 ₽ 6.42

Атырауда чемпиондар дайындайтын спорттық кешен салынуда

Редакция
13 сәуір 2026, 17:03
Атырауда чемпиондар дайындайтын  спорттық кешен салынуда Сурет авторы: Фото: пресс-служба Минтуризма

Атырау облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) аясында еліміздегі алғашқы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж кешенінің құрылысы басталды. Бұл — тек мектеп емес, Олимпиада шыңын бағындыратын чемпиондардың нағыз «ұстаханасы» болмақ.

Бұл кешеннің ерекшелігі — жеке инвестор жобаны жоспарлаудан бастап, құрылысына және пайдалануға берілгеннен кейінгі 5 жылдық техникалық қызмет көрсетуіне толық жауап береді. Бұл сапаның ең жоғары деңгейде болатынының кепілі!

3,2 гектарлы инфрақұрылым

Болашақ спорт кешені ертегідегідей жағдай ұсынады. Мұнда:

  • 400 орындық оқу блогы мен 300 орындық жайлы жатақхана;

  • 13 спорт залы мен зәулім бассейн;

  • Заманауи стадион, жүгіру жолдары мен волейбол-баскетбол алаңдары орналасады.

Атырау облыстық интернатының 400 тәрбиеленушісі (300 оқушы мен 100 студент) Олимпиадалық спорттың 13 түрінен кәсіби дайындықтан өтеді. Ең бастысы — оқу мен жаттығу процесі бір жерде тиімді ұштасады.

Бұл жоба Қазақстанның басқа өңірлері үшін пилоттық үлгі болмақ. Себебі, Астана, Шымкент және Абай, Ұлытау сынды бірнеше өңірде мұндай арнайы мекемелер әлі жоқ. Атыраудағы бұл бастама 2027 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар