$ 493.85 € 571.78 ₽ 6.25

Атырауда бірнеше ай ізделген адамдардың мәйіті табылды: күдікті қылмысын мойындады

Редакция
10 наурыз 2026, 10:11
Атырауда бірнеше ай ізделген адамдардың мәйіті табылды: күдікті қылмысын мойындады Сурет авторы: tengrinews.kz

Атырау қаласының маңындағы Геолог ықшамауданынан бұған дейін жоғалып кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары – Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды. Олар күдікті Сұлтан Сарсемәлиев бұрын жұбайымен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан анықталған.

Кеше Сұлтан Сарсемәлиев пен оның әйелі Ақбаян Алматы қаласына жеткізілген. Тергеу барысында Сұлтан Сарсемәлиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, мәйіттерді Геолог ықшамауданындағы жалдап тұрған үйдің ауласына көміп қойғанын айтқан.

Осы мәліметтен кейін Атыраудағы тергеушілер көрсетілген мекенжайда қайта қазу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған адамдардың мәйіттері табылған.

Еске салайық, жоғалған тұрғындарды іздеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп келген. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылып, арнайы жедел штаб құрылған болатын.

Үй аумағы мен айналасындағы жер телімдері арнайы техникамен, соның ішінде георадарлармен тексерілген. Алайда алғашқы іздеу жұмыстары кезінде ешқандай нәтиже болмаған.

Соңғы жаңалықтар