$ 469.52 € 553.75 ₽ 6.15

Атырау полициясының бастығы темір торға қамалды

Абдрахманов Мағжан
16 сәуір 2026, 11:43
Атырау полициясының бастығы темір торға қамалды Сурет авторы: gov.kz

Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы Бақтыбек Исаев қызметінен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Министрліктің мәліметінше, жоспарлы қызметтік тексеріс барысында оның тарапынан заңға қайшы әрекеттер анықталған. Осыған байланысты ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, қамауға алынған.

Ведомство қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін, 13 сәуірде, ІІМ Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы мен облыстық департаменттің бірнеше басқарма жетекшісі қызметінен шеттетілгенін хабарлаған.

Бақтыбек Исаев құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әр жылдары басшылық қызметтер атқарып, соңғы лауазымына дейін Маңғыстау облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар