$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Атырау облысының шекарасы кеңеймек

Редакция
01 шілде 2024 11:45 2650
Атырау облысының шекарасы кеңеймек

«Ашық НҚА» заң жобаларын жария талқылау порталында Атырау облысының аумақтық шекарасын кеңейтуді көздейтін Үкімет басшысының қаулысы жарияланды.

«Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3954015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін», делінген құжатта

Премьер-министр Олжас Бектенов Атырау облысының әкімдігіне осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды тапсырды. Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін көпшілік талқысына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар