$ 474.47 € 541.37 ₽ 6.08

Атырау облысындағы отбасы қазасы: күдіктіге жаңа айыптар тағылды

Абдрахманов Мағжан
01 шілде 2026, 09:39
Атырау облысындағы отбасы қазасы: күдіктіге жаңа айыптар тағылды Сурет авторы: видеодан кадр

Атырау облысында бір отбасының бірнеше мүшесінің өліміне қатысты іс бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айыптау актісі жарияланды. Жаңартылған айыптар оның құқықтық жағдайын ауырлата түсті.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті алдымен бұрынғы қайын інісі Наурыз Мұқанғалиевті өлтірген. Кейін қылмыстың куәгерлерін жою мақсатында қайын атасы мен енесін өлтірген деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ күдікті қайын сіңлісі Мейрамгүл Қарабалинаны да өлтірді деп күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, оның психикалық ауруы мен мүгедектігі болғандықтан, қарсылық көрсетуге немесе өзін қорғауға мүмкіндігі болмаған.

Бұдан бөлек, тергеу Сұлтан Сәрсемәлиевтің өзгенің зейнетақысы мен мүгедектікке байланысты жәрдемақыларын заңсыз өз атына рәсімдеп, алып отырғанын анықтаған. Енді бұл әрекет интернет арқылы жасалған алаяқтық ретінде сараланып отыр.

Сонымен қатар қаза тапқандардың малын сату дерегі жеке қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қайта сараланып, «мал ұрлығы» бабы бойынша айып тағылған.

Жаңа айыптау актісінде күдіктінің өкініш білдіруі мен бес баласының болуы жеңілдететін мән-жай ретінде енді ескерілмейді.

Соңғы жаңалықтар