$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Атырау облысында көлік қозғалысы шектелді

Редакция
19 мамыр 2024 06:35 3054
Атырау облысында көлік қозғалысы шектелді

19 мамырда Атырау облысындағы тас жолдардың бірнеше учаскесінде жол қозғалысы шектелді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мына тас жолдарды су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды: 

  • «Атырау-Орал» тас жолының 71-179 шақырымы, Махамбет — Индер елді мекендері маңындағы жол учаскесі (жүк көліктері үшін).
  • «Атырау-Орал» тас жолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені — БҚО шекарасы.
  • БҚО-да Атырау облысында болған су тасқынына байланысты «Атырау-Орал» тас жолының 189-492 шақырымында, яғни Орал қаласы — Атырау облысы шекарасы учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар