$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Атырау облысында ерлі-зайыптының өліміне күдікті ретінде 29 жастағы азамат іздеуге алынды

Абдрахманов Мағжан
08 қаңтар 2026, 16:52
Атырау облысында ерлі-зайыптының өліміне күдікті ретінде 29 жастағы азамат іздеуге алынды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Атырау облысына қарасты Жангелді ауылында орын алған ауыр қылмысқа байланысты Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны күдікті ретінде іздестіріліп жатыр. Бұл жөнінде Kazinform облыстық полиция департаментіне сілтепме жасап хабарлады.

Құқық қорғау органдары оқиғаға басқа тұлғалардың да қатысы болуы мүмкін деген болжамды қарастырып жатыр.

25 желтоқсан күні Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданған. Ол ағасы мен оның отбасы мүшелерінің бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткенін айтқан. Кейінірек ерлі-зайыптының мәйіттері шаруашылық мақсаттағы ғимараттан табылды. Ауыл тұрғындары қаза болғандарды бейсенбі күні соңғы сапарға шығарып салған. Бұған дейін полиция тағы екі адамның із-түзсіз кеткенін хабарлаған еді.

Тергеу барысында зейнет жасындағы ерлі-зайыптылардың қызы мен күйеу баласының алдымен Өзбекстанға, одан кейін өзге елге кеткені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар