$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

«Атырау» көпірінің тірегі қирап тұр – Астана тұрғындары алаңдаулы

Редакция
19 желтоқсан 2025, 11:17
«Атырау» көпірінің тірегі қирап тұр – Астана тұрғындары алаңдаулы Сурет авторы: Astana city pass

Астананың Орталық паркіндегі «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінің бір тірегінің қирап тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Қала тұрғындары көпірдің жағдайын көрсететін фотосуреттер мен видеоларды редакцияға жолдаған.

Tengrinews.kz

Редакция әкімдікке хабарласып, түсініктеме алған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда көпірді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеріс қорытындысына сәйкес, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып, іске асырылатын болады.

Айта кетейік, «Атырау» көпірі 2018 жылы Астана қаласының сол және оң жағалауларын біріктіру үшін салынған. Көпірді Атырау облысы қаланың 20 жылдығына орай сыйға тартқан. Сол кездегі жобаның құны шамамен 6 миллиард теңге болған.

Қала әкімдігі тұрғындарды көпірдің қауіпсіздігін бақылауда ұстайтынын және тексеріс нәтижелерін жариялайтынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар