$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

«Атырау» футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

Редакция
09 сәуір 2025 01:26 1411
«Атырау» футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды Сурет авторы: Атырау облысының ӨКҚ

Атырау облысының прокуратурасының ұсынысы бойынша «Атырау» футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

ӨКҚ мәліметінше, 2018 жылдың ақпан айынан бастап клуб «Атырау» кәсіби спорт клубы» қоғамдық қорының басқаруында болған. Алайда бұл жылдары құрылтайшылар мен басшылық жиі ауысып, тұрақты спорттық нәтиже байқалмай, қаржылық-шаруашылық қызметтің ашықтығы жеткіліксіз болған.

«Легионерлер санының көбеюі, бюджеттің ашық болмауы және есептіліктің нақтылығының жоқтығы ескеріліп, клубты мемлекеттік басқаруға қайтару жөнінде шешім қабылданды. Бұл қаржының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтіп, өңірдегі футбол инфрақұрылымын және кадрлық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Алдағы уақытта клубта кезең-кезеңімен реформалар жүргізілмек. Әсіресе ашықтық, тұрақты басқару, жасөспірімдер мен балалар футболын дамыту, спорттық өсу стратегиясын қалыптастыру басты назарда болады.

Соңғы жаңалықтар