Астананың жекеменшік балабақшаларына не үшін жаппай айыппұл салына бастағаны белгілі болды
Сурет авторы: Руслан Қарсамов, unicef.org
Астанада жеке тұрғын үй секторында орналасқан және ұзақ жылдар бойы лицензия алып, мемлекеттік дотациямен жұмыс істеп келген жекеменшік балабақшалар қазір жаппай тексеріс пен айыппұл салудың нысанына айналды. Бұл жөнінде Amanat Business Telegram арнасы хабарлады.
Бұған дейін мұндай нысандардың қызметі қала билігі тарапынан қолдау тауып, мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті кеңейтудің тиімді тәсілі ретінде танылып келген. Алайда соңғы бір жылда қадағалау органдары «жерді мақсатсыз пайдаланды» деген себеппен ірі көлемде айыппұл сала бастаған. Кейбір мекемеге салынған айыппұл көлемі 130 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) жеткен.
Кәсіпкерлердің айтуынша, дәл осы коттедж үлгісіндегі ғимараттарда балабақша ашу оңай әрі жылдам болған. Әкімдік тарапынан рұқсаттар беріліп, лицензия рәсімделіп, мемлекет тарапынан дотациялар бөлінген. Соның арқасында ондаған жекеменшік балабақша 10–20 жыл бойы заңды түрде жұмыс істеп келген.
Алайда 2023–2024 жылдары жағдай күрт өзгерді. Төтенше жағдайлар басқармасы бұл нысандарды жеке тұрғын үй ретінде есептеп, олардың мектепке дейінгі ұйым ретінде қызмет етуін заң бұзушылық деп таныған.
Заң бойынша, жеке тұрғын үй секторындағы жер теліміндегі ғимаратты балабақша ретінде пайдалануға болмайды. Бірақ кәсіпкерлер бұл талапты орындау іс жүзінде мүмкін емес екенін айтады, себебі жердің нысаналы мақсатын өзгерту – ұзақ әрі қымбат процесс, ал көптеген өтінім қала бас жоспарына немесе деталды жоспарлау жобасына сәйкес келмегені үшін қабылданбайды.
Нәтижесінде мемлекет лицензия беріп, қаржылай қолдау көрсеткен нысандар қазір заң бұзушыға айналып отыр.
Бүгінде ел бойынша жеке балабақшалардың саны соңғы жиырма жылда 162-ден 6205-ке дейін өскен, ал тек Астананың өзінде 500-ден астам жеке балабақша жұмыс істейді. Солардың басым бөлігі қазір жабылу қаупінде тұр.
Бұл жағдай тек кәсіпкерлерге ғана емес, ата-аналар мен балаларға да ауыр соққы болмақ. Өйткені мемлекеттік балабақшалардағы орын тапшылығы онсыз да өзекті мәселе болып отыр.
Бизнес өкілдері бұл мәселені шешу үшін бірқатар шара ұсынуда:
-
Бас жоспар мен ПДП-ны жаңарту;
-
Санитарлық талаптарға сай келетін коттедждерде балабақша ашуға ресми түрде рұқсат беру;
-
Жердің мақсатты пайдалану түрін өзгерту рәсімін жеңілдету;
-
Уақытша ТЖД тарапынан айыппұл салуды тоқтату.
Кәсіпкерлердің айтуынша, мәселе тез арада шешілмесе, Астананың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде дағдарыс туындауы әбден мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын