$ 462.87 € 540.72 ₽ 6.16

Астананың қақ ортасындағы көше бір аптаға жабылады

Редакция
24 сәуір 2026, 16:08
Астананың қақ ортасындағы көше бір аптаға жабылады Сурет авторы: krispmedia.kz

Астана қаласының әкімдігі елорда көшелерін дамыту және жол төсемін жаңарту жоспарына сәйкес, Кенесары көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлайды.

Жөндеу жұмыстары Кенесары көшесінің Сембинов көшесінен Габдуллин көшесіне дейінгіаралығында жүргізіледі. Осыған байланысты:

24 сәуір мен 1 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеулер енгізіледі.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында:

• Жөндеу жүріп жатқан аумақта уақытша жол белгілері мен бағыт нұсқағыштары орнатылады.

• Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды және жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар