$ 485.4 € 550.69 ₽ 6.41

Астаналық жүргізушілерге ескерту: Елордадағы жол жөндеу жұмыстарының кестесі қандай?

Редакция
26 маусым 2026, 11:32
Астаналық жүргізушілерге ескерту: Елордадағы жол жөндеу жұмыстарының кестесі қандай? Сурет авторы: Ult.kz

Астана қалалық әкімдігінің хабарлауынша, осы жылдың 26-28 маусым аралығында Сығанақ көшесінің учаскесінде (Арыс көпірінен бастап Түркістан көшесіне дейін) жолдың жоғарғы қабатын төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт аралығында көлік қозғалысының схемасы уақытша өзгереді. Көлік құралдарының өтуін қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта да ұйымдастырылатын болады. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аймақта көлік ағынының бәсеңдеуі және уақытша кептелістердің орын алуы мүмкін.

Астана қаласының әкімдігі жүргізушілер мен қала тұрғындарын қолайсыздықтарды болдырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға, сондай-ақ жол ережелері мен уақытша белгілерді қатаң сақтауға шақырады.

Жол қызметтері жұмысты қысқа мерзімде аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар