$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Астаналық тұрғын 10 жыл бойы Қазақстан мен Ресейден зейнетақы алып келген

Редакция
01 қаңтар 2025, 01:34
Астаналық тұрғын 10 жыл бойы Қазақстан мен Ресейден зейнетақы алып келген Сурет авторы: Caravan.kz

Астана қаласының тұрғыны 10 жыл бойы қос азаматтығы болып, Қазақстан мен Ресейден зейнетақы алып келген. Бұл туралы елорда прокуратурасы хабарлады.

"ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы келісімге сәйкес, бір мемлекеттен екіншісіне қоныс аударған жағдайда, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады. Зейнетақы төлемдері келісімге қатысушы екі мемлекетте бір уақытта тағайындалмайды," – деп еске салды қадағалау органының өкілдері.

Сот шешімімен зейнеткерден заңсыз алынған 8,9 миллион теңге көлеміндегі зейнетақы қаражаты өндіріп алынды.

Соңғы жаңалықтар